Астана қаласы әкімдігінің "№ 91 мектеп-гимназия" ШЖҚМКК
Ресми интернет-ресурс

Білім бәйгесіндегі дара жеңіс: Келешек мектебінің шәкірті Өскеменде топ жарды!

Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында қазақ тілі мен әдебиетінің ақтаңгері, академик Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. 2014 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл білім додасына биыл еліміздің әр түпкірінен 200-ге жуық дарынды оқушы қатысты.
✨ Жеңіс тұғырында — Түркістан!
Түркістан облысының намысын қорғаған шәкіртіміз ерекше білім деңгейін көрсетті.
Түркістан қаласының және мектебіміздің мақтанышы Базарбай Әсемай білімі мен зеректігінің арқасында І орынды иеленіп, алтын медаль еншіледі! 🥇
🤝 Ұстаз еңбегі — жеңіс кепілі.
Шәкіртін осынау жауапты сында баптап, жеңіске жетелеген білікті ұстаз, жетекші — Таутенова Алтын Нұрланқызы. Ұстаз бен шәкірттің тынымсыз дайындығы өз жемісін берді.
📖 Дарынды оқушымыз бен ардақты ұстазымыздың жеңісі — мектеп мерейін үстем еткен үлкен табыс! Құттықтаймыз!